Абай облысыТОП
Көкпекті ауданы Биғаш ауылындағы жағдай тұрақты
Қардың қарқынды еруі нәтижесінде өзендегі су деңгейінің көтерілуі тіркелді.
Абай облысының ТЖД, ЖАО және «Қазселденқорғау» ММ күштерімен еріген суды бұру бойынша алдын-алу шаралары жүргізілді.
Қабылданған шаралардың арқасында су деңгейінің төмендеуі байқалады.
Қазіргі уақытта Көкпекті ауданы Биғаш ауылындағы жағдай тұрақты.
Елді-мекенді су басуға жол бермеу жөніндегі алдын алу іс-шаралары жалғасуда.
Аула аумақтары мен тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.
Естеріңізге салсақ, 29 наурыз күні Ақсуат ауданы тарапынан Биғаш ауылы аумағына еріген қарсуының көп мөлшерде келгені тіркелген болатын.
Semeynews.kz