Абай облысыҚоғамТОП

Ақсуат ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілді

Ақсуат ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу аясында ТЖМ аудандық бөлімі күшейтілген режимге көшті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бүгінде бөлім су сору насосы, 3 ауыр жүк көлігі, 2 погрузщик, 2 автогрейдер, 2 эксковатор, 1 ГАЗ-66 көлігімен жабдықталған. Бұдан бөлек, автотасымалдаушы, кран және 2 сантехникалық жабдық жұмылдырылды.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға дайындық үшін 17 тонна бензин, 8,5 тонна дизель отыны, 8 мың қап инертті материалдар дайындалды.

Аудандағы республикалық, облыстық және аудандық автожолдарда орналасқан 9 көпірдің сағаларын қардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 66 су құбыры, каналдар және арықтар қардан тазартылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button