ҚоғамМерекеСемейТОП

Семей әкімі қала тұрғындарын мерекемен құттықтады

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов шаһар тұрғындарын Алғыс айту күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Құрметті семейліктер!

Алғыс айту күні – күнтізбеге сәйкес көктемнің басталуымен, табиғаттың ояну уақытымен тұспа-тұс келетін айтулы күн. Бұл мерекенің жыл өткен сайын мағынасы тереңдеп мәні артуда. Осы күнді пайдалана отырып, қаламыздың әрбір қамқор тұрғынына өз алғысымды білдіргім келеді.

Абай облысының орталығы Семейіміздің көркеюі жолында жасап жатқан еңбектеріңізге разымын. «Еңбек қылмай ер оңбас, бірлік қылмай ел оңбас» демекші, қарапайым еңбек адамынан бастап, қажырлы қызмет істеп жатқан қала тұрғындарының әр ісін жоғары бағалаймын.

Мерекелеріңізбен, қымбатты жерлестер! Пейілдеріңіздің кеңдігі үшін мың да бір рақмет!

Ізгі ниетпен, Нұрбол Нұрсағатов

Осы айдарда

Back to top button