Абай облысыҚоғамМереке

Абай облысының әкімі тұрғындардыАлғыс айту күнімен құттықтады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев облыс тұрғындарын Алғыс айту күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, бейбітшілік пен келісімнің нышанына айналған жалпыұлттық мереке.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқының бірлігі нығайып, тұғырлы татулық пен ырысты ынтымақтастық үлгісі қалыптасты. Осы орайда, Әділетті Қазақстанның Адал азаматына айналатын өскелең ұрпақ бойындағы әділдік, жауапкершілік, Отаншылдық, адамгершілік сияқты құндылықтарды нығайту – сіз бен біздің ортақ міндетіміз.

Бір-бірімізге деген алғысымыз артып, құрметіміз еселене берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және мол игілік тілеймін!

Құрметпен,
Абай облысының әкімі Н.Ұранхаев

Осы айдарда

Back to top button