Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жиынға Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы, «Казселденқорғау» ММ филиалы, «Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу бойынша Ертіс бассейндік инспекциясы», «Қазгидромет» РМК ШҚО және Абай облысы бойынша филиалы, «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС басшылары, ауылдық округтер әкімдері мен қалалық мекемелер мен бөлімдер басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе Ертіс өзеніндегі мұзды жару бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізу болды. Семей қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің, «Казселденқорғау» ММ-нің, «Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу бойынша Ертіс бассейндік инспекциясы» ММ-нің, «Қазгидромет» РМК-ның жақын арада Ертіс өзенінде жарылыс жұмыстарын жүргізудің орындылығы туралы есептері тыңдалды.
Талқылаудан кейін Ертіс өзенінің қауіпті учаскелерін комиссиялық аралап өтуді жүзеге асыру қажеттілігі туралы шешім қабылданды.
«Ертіс өзеніндегі мұзды жару бойынша жұмыстарды жүргізу, жұмыс көлемі мен орны туралы түпкілікті шешімді барлық мүдделі тараптар бірлесіп қабылдауы керек»- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Айта кету керек, қазір қалада су тасқынына қарсы ауқымды шаралар жүргізілуде. Көктемгі су тасқыны кезенінің келеңсіз салдарын болдырмау үшін су басуы мүмкін көшелердегі қарды шығару негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Қысқы кезең басталғалы қаладан 40 мың текше метрден астам қар шығарылды. Қазіргі уақытта Затон, Дальняя, Сроства және Казкрай аудандарында қар жиналу байқалады. Алдағы уақытта да қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жалғастырылатын болады. Сонымен қатар, қала қорында: 400 тонна құм инертті материалы, 18 000 дана қап бар.
Сондай-ақ ТЖК отырысында өткізілген республикалық сейсмикалық дайындықтың қорытындылары, халықты ескерту жүйесінің жай-күйі, оны одан әрі дамыту және жаңғырту мәселелеріде қаралды.
Semeynews.kz