ҚазақстанҚоғамПрезидентТОП

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады, – деп хабарлайды Semeynews.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Дмитрий Малаховтың баяндамасынан:

— қылмыстық жолмен түскен кірістерді жылыстатуға қарсы күрес саласында 5,7 мыңнан астам тұтынушымен іскерлік қарым-қатынас тоқтатылған;
— криптовалюта айырбастайтын 1,5 мыңнан аса заңсыз онлайн-сервис анықталып, бұғатталған;
— 49 заңсыз майнер әшкереленген. Қазір оларға қатысты тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр;
— террористік және экстремистік ұйымдардың шоттарына қаржы аударуға қатысты 1,2 мың әрекет анықталып, оларға шектеу қойылған.
— 41 қаржы пирамидасы жойылып, зардап шеккендерге 4,6 миллиард теңге қайтарылған;
— алаяқтық белгілері бар 8 мыңнан астам сайт пен аккаунт бұғатталып, 4,8 мың онлайн-казино сайтының қызметі тоқтатылған;
— екінші деңгейлі банктермен және қаржы реттеушілерімен бірлесіп, 21 жасқа толмаған азаматтардың букмекерлік кеңселерге төлем жасау мүмкіндігін автоматты түрде шектеу тетігі енгізіліп жатыр;
— 74 миллиард теңге көлемінде негізсіз бюджет шығындарының алдын алып, заңсыз қолма-қол ақшамен айналысатын 59 «көлеңкелі» алаң қызметі тоқтатылған, сондай-ақ 7 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылған және сотқа дейінгі тергеу амалдарының аясында 141 миллиард теңге көлемінде келтірілген залал өтелген.

Сонымен қатар капиталды заңсыз шығаруға қарсы іс-қимыл саласында жалпы сомасы 276 миллиард теңгені құрайтын активтер қайтарылған.

Агенттік алдағы уақытта заңсыз шығарылған активтерді қайтару және адал кәсіпкерлердің ісіне араласпай, «көлеңкелі» экономикадағы қылмыстардың жолын кесу жұмыстарына баса мән береді.

Қаржылық мониторингті дамыту тұжырымдамасын және Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру, жылыстату жүйесін FATF (ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы) халықаралық стандарттарына толық сәйкестендіру үшін шаралар қабылданады.

Қасым-Жомарт Тоқаев адал бизнесті қорғау шараларын күшейту қажет екенін ерекше атап өтіп, агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button