Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМСТОП
Абай ауданында МӘМС туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
Абай аудандық орталық ауруханасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы аудан тұрғындарына тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы 1 қаңтарда іске қосылды. Оны енгізудің арқасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2 есе өсті.
МӘМС жүйесінің негізгі принциптері:
– әлеуметтік бағдар – мемлекет 15 жеңілдік санатындағы 11 миллион азаматқа жарна төлейді;
– ортақ жауапкершілік – халықтың денсаулығы үшін мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтар жауапты;
– медициналық көмекке тең қолжетімділік – әрбір сақтандырылған азамат төленетін жарналардың мөлшеріне қарамастан, медициналық көмектің қажетті көлемін алуға құқығы бар.
Semeynews.kz