Абай облысыТОП
Жарма ауданы Шуақ ауылындағы жағдайға қатысты
2024 жылғы 23 ақпанда № 1 қазандықтың тұрақты жұмысы қамтамасыз етілді. № 2 қазандық резервке қойылған. Бүгінде Шуақ ауылындағы жағдай тұрақты. Ауылдағы балабақша, мектеп және көпқабатты үйлерде жылу қалпына келтірілді. Жылу желісінде апатты болдырмау мақсатында желідегі температура біртіндеп көтеріліп жатыр.
Шуақ ауылындағы жұмыстарға Абай облысы ТЖД жеке құрамының, 68 303 әскери бөлімінің 40-тан астам адамы және 5 бірлік техникасы жұмылдырылған.