Абай облысыҚоғамТОП
Ертең Абай облысында құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізіледі
2024 жылғы 23 ақпанда сағат 11:00-де (Астана уақыты бойынша) республикалық сейсмикалық жаттығуды өткізу шеңберінде, облыс аумағында электр сиреналарын және дабыл құрылғыларын іске қосу арқылы, құлақтандыру жүйесі іске қосылады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай орын алған кезде халықтың назарын аудару үшін электр сиреналар, сиреналық-сөйлеу құрылғылары немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді.
Осыған байланысты Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан тыныштық сақтауларын, дүрбелең тудырмауларын өтінеді!
Semeynews.kz