
Ағымдағы жылдың 23 ақпанында қаржы-экономикалық колледжінде жергілікті тауар өндірушілердің «From Semey» көрмесін өтеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көрмеде кәсіпорындар: машинажасау, құрылыс, металл, пластмасс, жиһаз, қағаз, тоқыма, полиграфия және қаламыздың басқа да өнімдерін ұсынады.
Осы іс-шарада өндірілген өнімді ұсынғысы келетін кәсіпкерлерден «Абай облысы Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-не жүгінулеріңізді сұраймыз.
Сондай-ақ, көрмеде қаржы институттарының өнімдері (бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы) ұсынылады.
Қосымша ақпаратты келесі нөмірлер арқылы білуге болады: 8 708 467 16 22; 8 708 467 16 45.
Semeynews.kz