Семей қаласының сауда үйінде өрт шықты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 сағат 51 минутта 101 пультіне “Бирюса” сауда үйінде өрт болғандығы туралы хабарлама түскен.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенде қатты түтін байқалды.
ГТҚҚ буыны дереу құрылып, барлауға кірісті. Барлау барысында аспалы төбенің жанып тұрғаны және қатты түтін бар екендігі анықталды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өртті жоюға жеке құрамның 16 адамы, 4 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрт 14 сағат 26 минутта оқшауланды. Өрттің алдын ала ауданы 15 ш. м. құрайды.
Өрттің себебі анықталуда.
Semeynews.kz