Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 5 қаржы пирамиданың заңсыз қызметін тоқтатты

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Орын Тұрлыбаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

  • 2023 жылы 5 қаржы пирамидасының қызметі жойылып, 3 қылмыстық іс сотқа жолданды. Қаржы пирамидалары, интернет кеңістігіндегі жарнамалық сілтемелердің барлығы “Кибернадзор”АЖ арқылы бұғатталып отырады. Бұл жобаны Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі әзірлеген болатын. Бүгінде Департамент бұғатталған 1200 – ден астам сайтты (қаржы пирамидалары, заңсыз ойындар қатысты сілтемелер) анықтады”, – деді Орын Тұрлыбаев.

Департамент қаржы пирамидаларының қызметін жоюмен қатар ,сауда және басқа да экономикалық секторлардағы заңсыз әрекеттерді қатаң бақылауда ұстап отырады.

  • Жүргізілген жедел іздестіру жұмыстары барысында сәйкестендірусіз контрафактілік темекі жеткізудің ірі арнасы тоқтатылды. Акциздік алым сомасы 1,5 млрд теңгені құраған. Осы мәселе бойынша басқа елдің екі азаматына тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу барысында 63 мыңнан астам қорап темекі жойылып, 5 мыңнан астам суррогат алкоголь тәркіленді. Сондай-ақ, 9 мыңнан астам жалған есепке алу-бақылау маркалары табылып, Семей қаласының екі спорт барында заңсыз ойын қызметі тоқтатылды, – деді Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары.

Спикер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны қадағалау және өнімсіз делдалдарды анықтау бойынша жұмыстар басталғандығын атап өтті. Айран мен ұн сияқты өнімдерді сату кезінде бағаны көтеру фактілері анықталған. Қазіргі уақытта ЖШС-нің біріне ұнға арналған сауда үстемесінің (15%) мөлшерінен асып кеткені үшін ескерту жасалды. Басқа тауарлар бойынша да тексерістер жүргізілуде.

Қорытындылай келе экономикалық тергеу департаменті азаматтарды абай болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырды. Егер сізге экономикалық құқық бұзушылық, сондай-ақ ұрлық фактілерін байқасаңыз департаменттің сенім телефонына хабарласуыңызды сұраймыз: 33-20-74 немесе “АФМ Insider” жеделхат-боты (QR-код арқылы да болады).

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button