Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМСТОП

Абай облысының аудандық ауруханасында жоғары мамандандырылған операциялар жүргізілуде

«Тәжірибе алмасудың арқасында әлемдегі барлық дәрігерлер медицина саласында одан әрі даму үшін құнды дағдылар мен шабыт алуда», – деп атап өтті Семей қаласының ЖМЖА нейрохирургы Төлеуғали Қойшыбаев.

Облыстың жетекші мамандары аудандық әріптестермен тәжірибе алмасып отырады. Қазіргі уақытта біздің дәрігерлер МӘМС шеңберінде бірқатар жоспарлы, шұғыл операцияларды сәтті орындайды, сондай-ақ жас мамандарға арналған шеберлік сыныптарын өткізеді.

Осылайша Үржар ауылының тұрғыны миына қан құйылып ауданаралық Аягөз ауруханасына ауыр жағдайда түсті.

Нейрохирург тексергеннен кейін заманауи аз инвазивті хирургиялық түзету жасауды ұсынды.

«Науқасқа операцияға дайындалу үшін барлық тиісті зертханалық зерттеулер, МРТ, КТ ангиографиясы жүргізілді. Оның сол жақ ішкі ұйқы артериясында жыртылған үлкен қапшық аневризмасы бар екені анықталды. Шұғыл түрде аневризманы микроспиралдармен рентгенэндоваскулярлық эмболизациялау жүргізілді»,-деді нейрохирург дәрігер.

Бүгінгі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Ол аудандық ауруханада емделуді жалғастыруда.
Айта кетейік, мұндай операциялар әлемдік өндірушілердің заманауи, жоғары дәлдіктегі, қымбат медициналық жабдықтарының арқасында тұрақты негізде жүргізіледі. Бұл қымбат медициналық көмек пациентке тегін көрсетіледі және медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button