Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейдегі ірі базар өртіне Ұлттық ұлан жауынгерлері жіберілді

Семейде өртеніп жатқан “Ақшың” базарына Ұлттық ұланның жауынгерлері жіберілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тілсіз жаумен арпалысқан өрт сөндірушілермен қатар оқиға орынына жедел жеткен 5511 әскери бөлімінің жеке құрамы қоғамдық қауіпсіздік пен құқықбұзушылықтың алдын алуда. Әскери қызметшілер өртенген аумақты қоршауға алып, арнайы техникалардың өтуін қамтамасыз етуде.

  • Қызыл жалын құрсауындағы сауда нысанына «Шығыс» өңірлік қолбасшылығынан елуден астам әскери қызметші жіберілді. Жеке құрам алапат өрт салдарынан зардап шеккен сауда нүктелерін баса назарға алып, мородерлікке жол бермеу үшін өрт толықтай сөндірілгенше тиісті аумақты жіті бақылауда ұстайды, – дейді 5511 әскери бөлімінің штаб бастығы -командирдің орынсабары Алмазхан Әбішев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button