ҚоғамСемейСпортТОП

Семейде шаңғыдан қала чемпионаты өтті

Қала чемпионатына 14 жастан 16 жасқа дейінгі Семей қаласы мен ауылдық округтердің жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қатысушылар өзара бөлініп, топпен бақ сынасты. Жарыс Красный кардон кентіндегі «Тиса» шаңғы базасында өтті.

Чемпионат ұйымдастырушылары Семей қаласының білім бөлімі мен Дене шынықтыру және спорт бөлімі. Жарыс ережесіне сәйкес ұлдар- 3 км, ал қыздар – 2 км сырағанады. Қатысушылардың саны 100-ден асады. Шаңғы жарысы 2020 жылға дейін дәстүрге айналған шаралардың бірі болған.

«Айта кетейік, карантиндік режимге байланысты бұл жарыс бірнеше жылдар бойы өтпеді. Енді биыл осы шаңғы жарысын қайтадан қолға алып, өткізіп жатырмыз. Қазір бақ сынасып жатқан балалардың ішінде қаламыздың және ауылдық округтердің білім мекемелерінен келген 100-ден астам қатысушы бар. Бұл жарыс енді алдағы уақытта, жыл сайын ұйымдастырылатын болады» – деді Семей қаласының Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Б.Дюсенбаев.

Чемионатты ұйымдастыруға Абай облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының да атсалысты. Олар қатысушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы «Есірткіге қарсымыз» ұраны жазылған арнайы естелік сыйлықтар табыстады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button