Абай облысында медицина мен өндіріс саласында мамандар тапшы
Бүгінгі таңда облыста 4399 бос жұмыс орны болса, оның 848-і тұрақты жұмыс орны, 3551-і уақытша (мемлекеттік субсидияланатын) бос орындар.
Жалпы орта білімнен жоғары біліміне қатысты талап қойылады. Тұрақты кәсіптік жұмысқа қажетті қызметкерлердің негізгі үлесіне мыналар кіреді:
– Білім және тәрбие беру – 153;
– Өндіріс – 120;
– Біліктілігі жоқ мамандықтар – 85;
– Медицина және фармацевтика – 57;
– Көлік және логистика – 58;
– Энергия – 55;
– Қаржы және бухгалтерлік есеп – 45;
– Кадр және хатшылық – 33;
– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру – 28;
– Қызметтер мен сервис – 26;
– Сауда және қойма шаруашылығы – 23;
– Құрылыс және сәулет – 23;
– Мәдениет және спорт – 18;
– Тамақтану – 17;
– Ауыл шаруашылығы – 16;
– Мұнай, газ, шикізат өндіру – 16;
– ІТ және телекоммуникация – 15;
– Құқықтану – 15.
– Ғылым және консалтинг – 10;
– Әлеуметтік қызметтер – 9;
– Маркетинг және БАҚ – 5;
– Қауіпсіздік және төтенше жағдайлар – 4.
Өтінімдерді қабылдау мен конкурс қайта құрылған облыстық басқармаларды тіркеу аяқталғаннан кейін басталады.
Жұмысқа орналасқыңыз келсе, https://www.enbek.kz/ru/search/vacancy?region_id=10&sort=oplata сілтемесі бойынша өтуіңізге немесе мына телефонға хабарласуыңызға болады: 8 (7222) 36-01-99 .
Semeynews.kz