Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықТОП

Абай облысында полицейлер мас жүргізушіні тоқтату үшін табельдік қару қолданды.

Абай облысының полицейлері мас жүргізушіні тоқтату үшін табельдік қару қолданды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 қаңтарда түнде Семей қаласының маңындағы Ново-Баженово ауылында патрульдік рота инспекторлары жол талғамайтын көлікті байқап, оның жүргізушісі тәртіп сақшыларын көргенде жылдамдықты арттыра бастады. Бұл әрекет тәртіп сақшыларына күдік туғызды.

Полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, елді мекенмен қашып, төтенше жағдай туғызды.

Күдікті жүргізушіні ұстау үшін полицейлер ауаға ескерту оқ атты, содан кейін олар машинаның дөңгелектеріне оқ атты.

Тоқтатылған Mitsubishi Pajero жүргізушісі “орташа” есіртклік және алкгольдік мас күйінде болды.

Көлік айыппұл тұрағына қамалды. Жүргізуші полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын орындамағаны үшін, сондай-ақ көлік құралын есірткілік және алкогольдік мас күйінде басқарғаны үшін жауапқа тартылды.

Қазіргі уақытта сот 38 жастағы жүргізушіге қатысты 15 тәулікке қамауға алып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button