Абай облысыҚоғамТОП

Бесқарағай ауданында Уәлихан Түкісов кабинеті ашылды

Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округіне қарасты Беген орта мектебінде Бесқарағай ауданының «Құрметті азаматы», Қазақстан Республикасы оқу-ағарту ісінің үздік қызметкері, зерттеуші, журналист, «Нұрлыбектанушы» Уәлихан Мұхаметқалиұлы Түкісовке арналған кабинеттің ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Semeynews.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Талғат Мұратов, ауыл тұрғындары, Уәлихан Мұхаметқалиұлының жары мен балалары қатысты.

Уәлихан Түкісовтің қазіргі уақытта 11 баласынан, 39 немере, 50 шөбере бар.

«Ұлыдан ұлы туады, ұлылық тұқым қуады»  дегендей, бүгінгі іс-шарада әке жолын қуып Бесқарағай ауданының мәдениет саласында аянбай еңбек етіп, өмірінің соңына дейін өнер деп кеткен ел азаматының бірі  Түкісов Танатхан Уалиханұлының ұлы Әзілхан Танатханұлына «Ел алғысы» медалі табысталды.

Іс-шара Мәдениет үйі әртістерінің және Беген орта мектебі өнерпаздарының әзірлеген шағын концерттік бағдарламасына ұласты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button