ҚоғамСемейТОП

Семей қаласының әкімі ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесті

Семейдегі Достық үйінде қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың зиялы қауым өкілдерімен кездесуі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Өрелі ой мен салмақты пікір айтылған кездесуге қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Шара барысында бірқатар еңбегі сіңген ардагерлер «Қалаға сіңірген еңібегі үшін» төсбелгісімен, «Құрмет грамотасымен» және Семей қаласының әкімі Н.Нұрсағатоатың алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ, Нұрбол Нұрсағатов қаланы дамыту бойынша атқарылған жұмыстармен бөлісті.

«2022 жылы Семей қаласы еншісін бөлек алып, Семей қаласының ардагерлер кеңесі құрылды. Мемлекет үшін өзекті міндет – аға буын өкілдерінің денсаулығын, өмір сүру сапасын жақсарту. Бұл мақсатта Семей қаласында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Сондай орталық бөлімшесі жыл басында қаланың сол жағалауында да ашылды. Жаз маусымында қарттарға арналған «Баршаға арналған спорт» атты ашық аспан астындағы марафондар ұйымдастырылды. Бұл- сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіздің, тәлім – тағылымдарыңыздың орны айрықша екендігін білдіреді» – деді, қала әкімі Н. Нұрсағатов

Сонымен қатар, жиында қаламыздың өсіп-өнуі мен құлазуының және қайта гүлденуінің куәгерлері болған, еңбектерімен елеулі үлес қосқан қарттары әкімге өз ұсыныстарын білдірді.

Қала басшысы барлық ұсыныстар ескерусіз қалмайтынын, билік пен қоғам бірлесе жұмыс жүргізсе айтарлықтай нәтижеге жетуге болатынын да атап өтті.

«Сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз біз үшін маңызды. Біз ардагерлердің қоғамдық өмірге белсенді қатысуы үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Өмір мектебінің сан түрлі сатысынан өткен, көпті көрген, көргенін көкейге түйген аға буынның кеңесі бізге ауадай қажет»,-Н. Нұрсағатов.

Бүгінгі таңда Семей қаласында 50 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Оның ішінде кеңес құрамындағы 70-тен аса белсенді ардагерлер қаламыздың дамуына өз үлестерін қосып келеді. Ардагерлер кеңесінің ұйымластыруымен «Әкелер даңқы жолымен», «Қарттарым аман-саусынба!» атты іс шаралар жас буынға жол көрсетер өнеге болды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button