Абай облысының Көкпекті ауданында спорт қарқынды дамуда
Көкпекті ауданында қысқы спорттық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбелік жоспарын жүзеге асыру жұмысы ұйымдастырылды. Жалпы ауданда хоккей және шаңғы жарысы бағытында ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары арасында спартакиада, жолдастық кездесулер белсенді өткізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазіргі таңда аудан мектептерінде 50 жұп шаңғы, 44 дана коньки және 61 хоккей формасы бар. Сондай-ақ, 18 білім ошағында 10 хоккей алаңы, әр ауылда шаңғы қорабшасы орналасқан.
Ауданда балаларды спортқа баулумен үш мекеме айналысады. Ұлттық спорт ойындары орталығындағы 7 үйірмеде 60-тан астам бала ұлттық ойындарға қатысады. Сонымен қатар, балалар шығармашылық сарайының 4 спорттық үйірмесінде 100 аса бала білім алса, балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің 8 спорт үйірмесінде 796 бала білім жаттығады.
Айта кетейік, аудан халқының саны 13 685 адамды құрайды. Оның ішінде жалпы халықтың 41,8% құрайтын 5623 адам дене шынықтыру және спортпен айналысады. Көкпекті ауданына 9 ауылдық округ пен 28 елді мекен кіреді, онда 18 мектеп орналасқан. Көкпекті ауданының спорт ғимараттарының желісі 55 спорт нысанын құрайды, оның ішінде балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде 3 спорт залы, мектептерде 17 спорт залы, 10 хоккей қорапшасы, 1 кіріктірілген спорт залы (Толағай ауылы), 23 жазықтық құрылым бар. Дене тәрбиесі кадрлары бойынша ауданда 79 спорт маманы қызмет атқарады. Жалпы орта білім беретін мектептерде – 51 мұғалім, спорт мектебінде – 24 жаттықтырушы, спорт бойынша әдіскерлер – 2, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде – 2 маман қызмет атқарады.
Semeynews.kz