
2023 жылы Бобровка кентінде Созидательная көшесінде 113 жарық бағанасы орнатылып, жарықтандырулар жүргізілді. Ал Мұрат саяжайында 126 жарық бағанасы орнатылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Сонымен қатар жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жұмыстарда атқарылды. Көшелерде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Калинка аялдамасында «Сергек» камерасы орнатылып, полиция басқармасының балансына берілді. Бобровка, Мұрат саяжайларында 24 дана аялдама павилондары ауыстырылды.
Сондай-ақ, Бобровка мен Мұрат саяжайларында балалар алаңы қолданысқа берілді.
Semeynews.kz