ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семей қ. ПБ Затон полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 44 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, ағымдағы жылдың 5-25 сәуір аралығында бейтаныс қыз оны алдап, сеніміне кіру арқылы оның 560 000 теңге көлемінде ақша қаражатын иемденіп кеткені туралы шағымданды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 33 жастағы қызды анықтады, және оны ұстау шаралары қабылданды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Semey News