
Қала бойынша негізгі жолдарды, көпірлерді, аялдамаларды, қиылыстарды құм-тұз қоспасымен себу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Күндізгі аусымда қар тазалауды 100-ге жуық техника жүзеге асыруда. Коммуналдық қызметтер 2 ауысымда жұмыс істейді. Жауын-шашынға (жаңбыр мен қар) және температураның төмендеуіне байланысты қала көшелерінде мұз (көктайғақ) пайда болды.
Жол-көлік оқиғаларының алдын- алу үшін қаланың коммуналдық қызметтері жолдың жүріс бөлігіне құм-тұз қоспасын себу жұмыстарын ұйымдастырды. Себу жұмыстары қауіпті учаскелер бойынша, жаяу жүргіншілер өткелдерінің, қиылыстардың алдында және қаланың барлық автобус аялдамаларында жүргізілді.
Semeynews.kz