Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының Ақсуат ауданында жаңа балабақша ашылды

Ақсуат ауданының орталығында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Асыл шәкірт атты балабақша ел игілігіне берілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мектепке дейінгі мекеме 65 орынға арналған, педагог, кіші қамту қызметкері секілді жиыны 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, дәл қазір аудандағы маңызды әлеуметтік нысандардың қатарына енген. Ашылу салтанатында аудан әкімі Асхат Смаилов саналы ұрпақ тәрбиелеу бағытында ары қарай балабақша ашу жұмыстары жалғаса беретіндігін атап өтті.

“Ауылымызда көпбалалы жас отбасылар аз емес. Қаладан туған өңірге оралып жатқан жастар да жетерлік. Бұл үш қабатты ғимараттың жалпы аумағы 1400 шаршы метрді құрайды. Жоспар бойынша екінші қабаттан балаларға арналған кафе, спорт зал, үйірме орталықтары болады. Ал, бірінші қабат түгелдей балабақшаға арналған”,-деді Асыл шәкірт балабақшасының құрылтайшысы Саят Садуанов.

Бүгінгі таңда ауданда жалпы 5 мемлекеттік және 4 жекеменшік балабақша, 13 шағын орталық бар.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button