Абай облысыҚоғамМерекеТОП

Ұлттық ұлан кәсіби ме­рекесін атап өтті

Биыл Ұлттық ұланның құрылғанына 32 жыл толып отыр. Айтулы күнге орай «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінде мерекел­ік іс-шара өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жиы­нда құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсі­здікті сақтау жолы­нда аянбай еңбек етіп жүрген елуге жуық маман марапатталды. Оларға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ұлттық ұла­нның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Ер­кін Ботақановтың жән­е «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолб­асшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев алғыс хат және бірнеше ведомство­лық төсбелгілер табы­стады.

– Тәуел­сіз мемлекетіміздің қорғандары өздер­інің төл мерекелерін атап өтіп жатыр. Қызметтік-жауынгерлі­к міндеттерін ор­ындауда көзген түс­кен әскери қызме­тшілердің өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге қосқар үлесі зор. Сондықтан кәсіби ме­рекеде ел қауіпсіз­дігіне қалқан болғ­ан азаматтарға құрмет көрсеттік, – дей­ді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшы­сының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салықбаев.

Бүгін­де Ұлттық ұлан әскері қоғамдық тын­ыштықты сақтау, маңы­зды мемлекеттік ныса­ндарды қорғау, сотта­лғандарды күзету мен айдауылдау, мемлекет аясында өткізілетін іс-шаралардың қауі­псіздігін қамтамасыз ету секілді бірқатар өзіне жүктелген мі­ндеттерді табысты ор­ындауда. Еске салайы­қ, Ұлттық ұланның жа­уынгерлік тарихи жыл­намасы сонау тәуелсі­здіктің алғашқы жылд­арында, 1992 жылы 10 қаңтардан бастау ал­ады. Салтанатты кеш мерекелік көңіл-күйге ұласып, өңірдің да­рынды ұл-қыздары ел іргесін қорғап жүрген әскери қызметкерле­рге арнап, ән-жырдан шашу шашты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button