ҚоғамСемейТОП

Семейде коммуналдық қызметтер тәулік бойы қар жинауды және шығаруды жүзеге асыруда

Семейде көше-жол желісін тазалауға және көктайғаққа қарсы материалдармен себуге 100-ге жуық техника мен 80-ге жуық қол еңбегінің мамандары жұмылдырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Күндізгі тазалауға сыпыру-жинау техникасы, тиегіштер, құм таратқыштар, МТЗ, шнекороторлар, самосвалдар тартылады.

Бүгінгі таңда коммуналдық қызметтердің қарамағында 110-нан астам техника, оның ішінде қар тазалау кезінде таптырмайтын шнекороторлар, тиегіштер бар.

Көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу кезінде авариялық-қауіпті учаскелерге: көпірлерге, өткелдерге, көтерілулер мен түсулерге, тротуарларға, қоғамдық көлік аялдамаларына ерекше назар аударылады.

Қар шығару және басқа да мәселелер бойынша WhatsApp-қа +7 (700) 718-71-60 нөмірін жаза аласыз. Барлық мәселелер қала әкімдігінің бақылауында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button