ШҚОҚоғамТОП

Шығыс Қазақстан облысында шалғайдағы жайылымдық аймақтар сумен және электр қуатымен қамтамасыз етілмек

Облыс басшысы Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша шалғайдағы жайылымдық аймақтарды сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша арнайы комиссия құрылып, аталған мәселені қарастыруда, деп хабарлайды Semey News.

Аймақтық биліктің осы мәселені қолға алуына, көптеген шаруа қожалықтарының шалғайдағы жайылымдарда жануарларды сумен қамтамасыз ету жағдайының болмауына байланысты мал жаюдан бас тартуынан туындауда. Осылай бола тұра, Аягөз, Тарбағатай, Ұлан және Жарма аудандарында мал жайылымдарының жеткіліксіздігі байқалады.

  • Аймақта 19,5 миллион га жайылым жері бар, – деп атап өтті облыс әкімі. – Пайдаланылмаған жерлерді қайтарып алу қаулысы күшінде. 105 мың га жерді иелері олардан бас тартып, өз еріктерімен қайтарып берді. Тағы 28,4 мың га жоғарыда аталған құжаттың тиісті тармақтары арқылы қайтарып алынады.

Жыл сайын Шығыс Қазақстанда мал басы саны көбейіп келетінін атап өту керек, сондықтан жайылымдық аймақтарды кеңейту және оларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып қала береді.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button