Абай облысыҚоғамТОП

Іскер әйелдер Абай облысының дамуын талқылады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдің іскер әйелдерімен еркін форматта кездесу өткізіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға, сондай-ақ облысты дамытуға бағытталған бірқатар бастамаларды ұсынуға мүмкіндік алды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кездесуге қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, бизнес өкілдері, кәсіпорын, мектеп және колледж басшылары, журналистер және т. б. қатысты.

«Облыстың өркендеуіне бағытталған көп жұмыс атқарылды. Бірнеше жыл ішінде еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы әйелдердің рөлі тұрақты түрде артып келеді. Жалпы, әйелдер қауымының барлық саладағы белсенділігі көңіл қуантады. Сіздер еліміздің дамуына айрықша үлес қосып келесіздер. Мемлекеттік қызметте, бизнесте, саясатта, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы еңбектеріңізді ерекше бағалаймыз», – деді Нұрлан Ұранхаев.

Кездесу барысында әйел адамдарының кәсіпкерлік саласын дамытудағы үлесі, цйелдер кәсіпкерлігін қолдау бағытындағы жұмыстар, гендерлік теңдікті сақтау, әйелдер құқығын қорғау және отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар әрқашан қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтіп, тығыз ынтымақтастыққа шақырды.

Айта кетсек, Абай облысының тұрғындарының 51%-ын әйелдер құрайды. Өңірде мемлекеттік басқару саласындағы әйелдердің үлесі 54 пайыз (жергілікті атқарушы органдарда – 53%, аумақтық орталық атқарушы органдарда – 54%). Облыстың барлық деңгейдегі мәслихаттардағы әйел адамдардың үлесі 25 %.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button