
Шенеунікке қарсы қылмыстық іс Аягөз аудандық сотында қаралды. Анықталғандай, ол Аягөз қаласының әкімі лауазымында жүріп, 2020 жылдың 16-17 қыркүйегінде «Көркем» ЖК мекемесіне апаттық жағдай салдарынан қирап қалған тұрғын үйлерді қалпына келтіру бойынша орындалған жұмыстардың актісіне қол қойғаны үшін 1 200 000 теңге көлемінде пара алған.
Қала әкімі өз кабинетінде қылмыс үстінде ұсталған екен. Алайда кінәсін мойындамай, аталған қаражатты қарыз ақша деп көрсеткісі келеді. Дегенмен, соттың шешімі бойынша оған 4 жыл 5 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып отыр.
Semey News