Абай облысыТОП

31 желтоқсан күні Абай облысының дәрігерлеріне 1 053 өтініш түсті

Семей қаласы бойынша барлығы 36 «жедел жәрдем» бригадасы, тағы 22 бригада облыс аудандарында жұмыс істеді.

Мерекелерге қарамастан, кезекші дәрігерлер, «шұғыл көмек» мамандары жаңа жылдық ауысымдарын адал атқарып, оған мұқтаж жандарға көмек көрсетті.

Абай облысының ДСБ ЖМК бригадаларының жалпы саны 58-ді құрады. Тәулігіне 103 пультке азаматтардан барлығы 1 053 өтініш түсті.

Айта кету керек, пиротехниканы дұрыс қолданбау салдарынан зардап шеккендер болған жоқ.

1 қаңтарда облыс бойынша 58 «жедел жәрдем» бригадасы жұмысқа шықты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button