ҚоғамСемейТОП

Семейде тағы бір футбол алаңы ашылды

Семейде №37 мектеп-гимназисында футбол алаңы ашылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бүгін №37 мектеп-гимназиясында осы мектептің түлегі Рауан Есмағанбетовтың демеушілігімен құрылған “Футбол алаңының” ашылу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шара екі бөлімнен ұйымдастырылды. Бірінші бөлімінде 11 сынып оқушылары жиын залында Есмағанбетов Рауан Нүрпейісұлымен кездесу өтті. Екінші бөлімі футбол алаңының лентасын кесу рәсімімен жалғасты.

Салтанатты іс-шараның қадірменді қонақтары ардагер ұстаздар,Күдері Рысқали Құсайынұлы, Сыздыкбаев Несіпбек Кабижанұлы қатысты.

Футбол алаңының жас ұрпаққа берері мол. Салауатты өмір салтын сақтайтын, дені сау елдің іргесі мықты болатыны сөзсіз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button