ШҚОКриминалТОП

ШҚО-да балық аулау ережесін бұзған 260 адам анықталды

Шығыс Қазақстан облысында балық аулау ережесін бұзған 260 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша «Уылдырық-2021» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Ол басталғалы бері тәртіп сақшылары 354 рет рейдке шығып, 269 заңбұзушылықты анықтады.

«Оның ішінде заңсыз балық аулаған 6 адам ұсталды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабына сәйкес іс қозғалып, 1595 келі балық тәркіленді. Осының салдарынан мемлекетке келтірілген залал мөлшері – 2 669 947 теңгені құрап отыр. Сонымен қатар балық аулау ережесін бұзған 260 адам анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, «Уылдырық-2021» жедел алдын алу шарасы 30 мамырға дейін жалғаспақ.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button