Семейде ит тістеудің үш фактісі тіркелді
Семейде қала тұрғындарын ит тістеулері бойынша үш шақырту факті тіркелді, деп хабарлайды Semey News.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 18 мамырында, шамамен 21 сағат 30 минутта «103» арнасына Ақмола көшесі бойында көршінің иті кәмелеттік жасқа толмаған баланы тістеп алды деген хабарлама түсті. Ертеңінде, 19 мамырда сағат 09:00-ге дейін 20 жастағы қыз баланы ит тістегені туралы тағы бір хабарлама түсті.
Полиция қызметкерлерімен иттердің иелері анықталып, бірінші жағдай бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 408-бабы бойынша, екінші жағдай бойынша 408-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сол күні тағы бір факт тіркелді. Сағат 22:00 шамасында қарғыбаусыз жүрген көрші үйдің иті адамдарға арпып жүргені туралы хабарлама тіркелді. Полиция қызметкерлерімен ит иесіне ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Semey News