Абай облысыҚоғамТОП
Абай облысында алдағы үш жылда 148 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілмек

Биыл жалпы ауданы 480 мың шаршы метр болатын, 68 көпқабатты және жеке тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
«Алдағы үш жылға тағы 148 көпқабатты тұрғын үйді іске қосу жоспарланған. Бұл 6800 отбасын баспанамен қамтуға мүмкіндік береді», – деді спикер.
Semeynews.kz