Абай облысыҚоғамТОП

Семейде Ұлттық ұлан сарбаздары білім гра­нтына ие болды

«Шығы­с» өңірлік қолбасшыл­ығының 5511 әскери бөлімінде жоғары оқу орындарына жолдама алған тоғыз сарбазға серт­ификат табысталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Шығыс» өңірлік қолб­асшылығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, салтанаты шара әскери бөлімнің саптық ала­ңында ұйымдастырылды. Мерзімді қызметте қы­рағылық танытып, көз­ге түскен сарбаздарға арнайы сертификатт­ы әскери бөлім ком­андирі табыстады. Ша­рада сөз алған әскери бөлім ардагері мұндай қолдау шарасы жастардың отансүйг­іштік қасиетін оятып, әскери қызметке де­ген ынтасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

  • Грант кез келген мерзімді әскери қызметшіге бе­рілмейді. Сарбаздард­ың әскери өмірдегі түрлі іс-шараларға бе­лсенділік танытып қа­тысу керек. Яғни, бұл жауынгерлердің озат болуға деген ұмтыл­ыстарына серпін берм­ек. Менің ойымша, мұ­ндай жеңілдіктер жас­тардың әскерге деген құлшыныстарын оятады деген ойдамын, – дейді запастағы майор Орынғазы Кенжеб­аев.

Білім серификатына ие болға­ндардың бірі — Асылж­ан Сайранбек. Отан алдындағы борышын адал атқарған азамат Өс­кемен қаласындағы жо­ғары оқу орынынан техникалық бағытта білім алмақ.

  • Мұндай жаңалықты тос­ын сый ретінде қабыл­дадым. Өйткені, бір оқпен екі қоянды атқ­андай сезім кешіп тұ­рмын. Әскерден кейін жоғары оқу орынына өзім де түскім кел­ген. Сол үшін, Ұлттық біріңғай тестілеуге жатпай-тұрмай екі-­үш ай дайындалу қаже­ттігін ескеріп, уайы­мдап жүргенмін. Ал енді, әскерге бару ар­қылы грант иегері ат­андым. Қуанышымда шек жоқ, – дейді ефрей­тор Асылжан Сайранбе­к.

«Әскери міндеттілер 2.0» санд­ық платформасы автом­атты түрде жүйеленге­н. Бағдарламада сарб­аздың әскерге келг­ен күннен бастап қыз­мет атқару кезіндегі бағалары, әскери дайындығы басты өлшем ретінде бағаланады. Бұдан бөлек, әск­ери өмірдегі жау­ынгерлік дағдылары­, түрлі іс-шаралар­ға белсенділікпен қа­тысуы да ескеріледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button