
Бүгін акция аясында қаланың түрлі аудандарында жасыл көшеттерді отырғызу жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Атап айтқанда, шетен және жөке көшеттері отырғызылды. Ағаштардың биіктігі 3,5–4 м.
«Қазіргі уақытта күзгі ағаш егу жұмыстары жүргізілуде. Осы апта ішінде Орталық алаңда, Әуезов алаңында, Әуезов даңғылында, Шәкәрім даңғылында 280 көшет егіледі. Күзде отырғызылған ағаштардың өміршеңдігі жоғары болады» – деп атап өтті «Зеленстрой» ЖШС бас директордың орынбасары Мұратхан Сәкенов.
Айта кетейік, биыл қаланың әртүрлі аудандарында көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланған.
Semeynews.kz