ҚоғамСемейТОП

Семейде жол жөндеу жұмыстары аяқталды

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Шығыс кентіндегі Железников, Целинная, А.Көшкінбаев, 1 линия, 7 линия, Декоративная сияқты асфальт төсемі аяқталған көшелерге барды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

“Биыл жол жөндеу жұмыстары бекітілген кесте бойынша аяқталды. Енді барлық мердігер ұйымдар жол бойындағы құрылыс қоқыстарын тазалап, жөндеу жұмыстарын жүргізген көшелерді ретке келтіруі керек”, – деді Нұрбол Нұрсағатов.

Сондай-ақ қала әкімі автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаевқа жөндеу жұмыстары жүргізілген көшелерге тиісті жол белгілерін қоюды және көлік жүргізушілерінің жылдамдықты асырмауын қадағалауды тапсырды.

Айта кетейік, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаевтың мәліметінше, қазіргі таңда Семей қаласында 55-тен астам көше асфальтталып, жөндеу жұмыстары аяқталды. Тек жол бойындағы кәріз құдығының жан-жағын тегістеу жұмыстары қалды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button