Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейдің шеткері аудандарында ойын алаңдары ашылды

Бүгін Республика күніне орай Восход және Шығыс кенттерінде ойын алаңдарының ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Салтанатты шараға “Amanat” партиясы Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Сейілбек Ысқақов пен қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты.

Қазіргі таңда Семейде аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Тамыз- қыркүйек айларында 40-тан астам аула қоғамның игілігіне берілсе, бүгін Шығыс кентіндегі “Квартал Б” мекенжайында және Восход кентінде 2 жаңа ойын алаңдары пайдалуға берілді.

Айта кетейік, Семей қаласында 576 аула бар. Оның 90%-ның тозығы жеткен. Биыл 150-ден астам тұрғын үйді қамтитын 60-тан аса ауланы күрделі жөндеуден өткізіп, әр жыл сайын аулаларды кезең-кезеңімен жөндеу жоспарланған. Жөндеу жұмыстары кезінде жер асты желілері толықтай ауыстырылады. Сондай-ақ, балаларға арналған футбол алаңдары мен ойын алаңқайы, демалыс аймағы жабдықталған.

Бүгінгі аулалардың ашылуына Семей қаласының әкімдігі ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастырып, кенттердегі кішкентай тұрғындары үшін турнирлер өткізді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button