Абай гарнизонының әскери қызметшілері Республика күнін атап өтті

Гарнизондық офицерлер үйінде Республика күніне атап өтуге арналған салтанатты шара өтті. Аталмыш шараға гарнизонның әскери қызметшілері қатысты. Шара мемлекеттік әнұранды орындаудан басталып, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қунышбек Уштаевтың құттықтау сөзімен жалғасты.
Салтанатты шара барысында кәсіби және жауынгерлік даярлықта жеткен жетістіктері үшін үздік нәтиже көрсеткен әскери қызметшілер марапатталды. Әскери қызметшілер «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ел қорғаны» мемлекеттік медальдарі табысталды. Одан бөлек мерзімді қызметін абыроймен атқарып жүрген сарбаздарға «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің үздігі» төсбелгілері және офицерлерге кезекті әскери шендері мерзімінен бұрын табысталды.
Марапаттау рәсімі біткен соң, барлық қонақтарға арналған гарнизондық офицерлер үйі көркем өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.
Semeynews.kz