Абай облысыҚоғамМәдениетСемейТОП

Семейдің тарихи өлкетану мұражайына 140 жыл

Семейдің тарихи-өлкетану музейінің 140 жылдығына орай «Семей-Ертіс өңірінің археологиялық мұрасы, этнографиясы және музейі ісі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Конференцияға еліміздің әр өңірінен келген және шетелдік ғалымдар, өлкетанушылар, археологтар, музей мамандары қатысты.

Профессорлар мен ғалымдар тас дәуірінен бастап Ертіс-Семей өңіріндегі археологиялық ескерткіштер мен олардың тарихи маңызы туралы баяндамалар оқып, облыс археологиясын дамыту жайлы ұсыныстарын жеткізді.

Конференция Әлихан Бөкейхан университетінің бас ғимаратында өтті және екінші бөлімінде «Музей ісіндегі ғылымды дамыту» дөңгелек үстелімен жалғасты.

Шара соңында қатысушы ғалымдар «Музейге қосқан үлесі үшін» медальдары табысталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button