Абай облысыҚоғамҚұрылысСемейТОП
Семейде жол жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

2023 жылға жалпы ұзындығы 60 км болатын 40 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Шарт «Семей механикалық зауыты» ЖШС мердігерлік ұйымымен жасалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазіргі таңда асфальттау жұмыстары Восточный кентіндегі Городская, Целинная көшелерінде жүргізілуде.
“Биыл жол жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылы әлеуметтік нысандар мен мектептерге баратын жолдарға аса назар аудардық. Сондай-ақ, бұрын асфальт жабыны мүлде болмаған жерлерде, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді”,- деді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаев.
Айта кетейік, ағымдағы жылы Семей қаласына қарасты 5 ауылдың кірме жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Semeynews.kz