Абай облысыӘлеуметҚоғамТОП
Абай облысында мүгедектігі бар тұрғын жұмысқа орналастырылды

Абай облысының Бесқарағай ауданы республика бойынша алғашқылардың бірі болып мүгедектігі бар азаматшаны бағдарлама аясында жұмысқа орналастырды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бесқарағай ауданы Қарағайлы ауылдық клубына мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын жүзеге асыру бағытында әдіскер ретінде Имашева Зарина орналастырылды.
Аталған іс-шараға аудан әкімі Талғат Батырұлы Мұратов, ауыл ақсақалдары, бөлім басшылары және Абай облысының еңбек мобильді орталығының қызметкерлері қатысты.
Мемлекеттік бағдарлама аясында жерлесіміз Зарина Имашеваның жұмыс орны толық жөндеуден өтіп, керекті материалдық базамен қамтамасыз етілді.
Semeynews.kz