Абай облысыҚоғамҚылмысСемейТОП

Абай облысындағы қазандықтарды қайта жаңарту кезінде бюджет қаражаты ұрланған

Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» МКК қазандықтарының жылыту маусымына дайындығын тексеру барысында Абай облысы әкімдігінің бастамасымен облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және ҰҚКД бірлесіп, облыстық прокуратураның үйлестіруімен 2022 жылы қала қазандықтарын жөндеу кезінде қолданыста болған материалдарды пайдалану арқылы бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады.

Облыс әкімі арнайы комиссия құрып, мердігер ұйымға жылыту маусымында Семей қаласын жылумен жабдықтау жүйелерінің үздіксіз жұмысы істеуі үшін жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімдері белгіленді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button