Абай облысыҚоғамОқиғаТОП

Абай облысында екі көлік соқтығысып, бір жүргізуші қаза тапты

Абай облысының Бородулиха ауданында жол-көлік оқиғасында бір адам  қаза тапты, бір бала ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бородулиха ауданында “Семей – РФ” трассасының 37 шақарымында  24 жастағы жүргізуші “DAEWOO ESPERO” маркалы автокөлік құралын басқара отырып, қарсы бағыттағы 26 жастағы жүргізушінің басқаруындағы “TOYOTA CAMRU” маркалы автокөлігімен соқтығысуға жол берді.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан “TOYOTA CAMRУ” маркалы автокөлік құралының жүргізушісі жол-көлік оқиғасы болған жерде қайтыс болды, оның екі жас баласы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша “адам денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіруге әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button