Абай облысыБілімҚоғамҚұрылысТОП

Абай облысы Шар қаласындағы орта мектептің бірі қайта жаңғыртылды

Жарма ауданының Шар қаласында тұрғындар 45 жыл күткен «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ ғимараты қайта жаңғыртылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мектептің шатыры мен еденін ауыстырылды, ішкі әрлеу және сыртқы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұған облыстық бюджеттен 393 миллион теңге бөлінді. Құрылысты «Алатау» ЖШС мердігер ұйымы жүзеге асырып жатыр.

Сондай-ақ, білім ошағында алдағы жылыту маусымына дайындық жүргізілуде. Су құбырлары ауыстырылып, жылу қазандығы жөнделді.

Оқу кабинеттері қайта жаңғыртылып, білім ордасы заманауи қондырғылармен және жаңа технологиямен жабдықталды.

Шар қаласындағы «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» 1978 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта аталған білім ордасында 300-ден астам оқушы білім алады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button