Абай облысыҚоғамҚұрылысСемейТОП

Абай облысының орталығында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде

Семейдегі Қарағайлы ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қаласы бойынша үй кезегінде 13 000-нан астам қала тұрғындары тіркелген. Осыған орай, қаланың Қарағайлы ықшам ауданында 26 бюджеттік көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың соңына дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан  көпқабатты 15 тұрғын үйдің (487 пәтер) құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Қазіргі таңда бюджеттік тұрғын үйдің салыну қарқыны көз қуантады. Әсіресе, соңғы жылдары Қарағайлы шағын ауданының даму перспективасы жоғары.

Бұдан бұрын қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Қарағайлыдағы ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарына пайдаланылатын құрылыс материалдарының сапасына және объектілерді салу мерзімдерінің сақталуына ерекше назар аударған болатын.

Құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Нұрбек Жасыбаевтың мәліметінше, мердігер ұйым бекітілген нормадағы жұмыстарды сапасыз істесе, арнайы шара қолданылып, келтірілген шығынды өтеп, қалпына келтіретін болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button