
Құжатта облыстың барлық аумағында шектеу шаралары 2021 жылғы 23 мамырдан 6 маусымға дейін ұзартылғаны көрсетілген.
Өскемен, Семей қалаларында және Аягөз ауданында нысандар өз қызметтерін «сары» аймақ үшін қарастырылған критерийлер негізінде жүзеге асыруда.
Сонымен қатар, Алматы, Қарағанды облыстары бағыттарындағы кіріп-шығуға бақылау жүргізу үшін 7 санитарлық бекет, сондай-ақ ҚР мемлекеттік шекарасындағы «Ауыл», «Уба», «Бахты» және «Майқапшағай» өткеру бекеттерінде 4 санитарлық бекет қойылғаны айтылған.
Шығыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды санитарлық ережелердің, республикалық және облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулыларының барлық талаптарын сақтауға шақырады.
Semey News