
«ЖЭО-3 құрылысы бойынша сұрақтар көп. Бұл жоба жүзеге асырылады. Қазір ЖЭО-3 құрылысын қаржыландыруға дайын, сенімді инвесторлар іздеудеміз», – деп түсіндірді жұмыс кездесуі барысында қала әкімі.
«Бізде бұрын бір инвестор болған, ол 140 га жерді 49 жылға алғысы келді. Аталған инвестор өзінің бизнес-жоспарында кірістер мен шығыстар туралы қаржылық бөлігін көрсетпегені анықталды. Инвестор тек жер учаскесін алуды жоспарлаған»,-деді Н.Сақтағанов.
Сонымен қатар, әкім ЖЭО құрылысы бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін атап өтті. Бірақ бізге алдымен инвестор табу керек.
«Енді тек 2015 жылғы техникалық-экономикалық негіздемесі бар. Инвестор табылған жағдайда құжатқа өзгертулер енгізіледі. Содан кейін жобалық-сметалық құжаттама мен мемлекеттік сараптама жасалады. 4-5 жылға созылады. Сондықтан қазіргі қазандықтарды жөндеу жұмыстарын жалғастырамыз», – деп қосты әкім.
Semey News