Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП
Абай облысындағы орман өрті оқшауланды

«Семей орманы»табиғи резерватының аумағындағы өрт оқшауланды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
2023 жылғы 14 маусымда сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша ТЖ вице-министрі генерал-майор Марат Күлдіков Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғанын жариялады.
Өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгу, сондай-ақ өрттің шетіне топырақ себу жүзеге асырылады.
Semeynews.kz