
Семей гарнизонының баспасөз қызметі берген мәліметтер бойынша, жиынға 40-тан астам сержант қатысты. Әскери қызметшілерге бөлімшенің күнделікті өмірін және оқу үдерісін ұйымдастыруда, парктік және шаруашылық жұмыстарды жүргізуде басшылық жасайтын құжаттар, сондай-ақ жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар өткізудегі қауіпсіздік талаптары жеткізілді.

Жиынның теориялық бөлігінде жиынға қатысушыларға оқу-әдістемелік фильмдері мен презентациялар көрсетілген дәрістер жүргізілді.

Жиынға қатысушылар тәжірибе жүзінде күнделікті тәуліктік наряд құрамында кезекшілік атқару кезінде туындайтын түрлі штаттан тыс жағдайлар бойынша әрекеттерді жаттықтырды.
- Жиын сержанттық құрамның қарамағындағы жеке құраммен жұмысты ұйымдастыруға қажетті білім деңгейлерін жоғарлату мақсатында өткізілуде, – деп көрсетті «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының штаб-сержанты Меирбек Рахимбеков.
Сонымен қатар жиын барысында жас сарбаздар келген кезеңде қарамағындағы жеке құраммен жеке тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде сабақтар жүргізілді. Сержанттық құрам мен мерзімді әскери қызметшілер араларында сенімді қатынастар орнату туралы ұсыныс берілді.
Semey News